Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
509.51 570.6 6.3

Үржар ауданында өзендер мен бұлақтар тазартылды

7-05-2024, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Үржар ауданында «Таза Қазақстан» республикалық эко-акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында Үржар ауылының «Қайыңды бақ» және «Болашақ» саябақтарындағы бұлақтар мен өзендерді тазалау жүргізілді.

Экологиялық іс-шараға ауыл тұрғындары, еріктілер мен белсенді жастар қатысып, бұлақтарды қоқыстардан тазартты. Акцияда  150-ден астам адам белсенділік танытып, туған өлкенің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

Ауыл тұрғыны әрі еңбек ардагері Амангелді Оспанов «Таза Қазақстан» акциясын оң бастама деп есептейтінін жеткізді.

«Бүгін ауыл тұрғындары мен жастар біздің саябақтардағы бұлақтар мен өзендерді тазалау үшін көшеге шығып, ауданның барлық тұрғындарын эко-акцияға қатысуға шақырды. Мен туған өлкемнің патриоты ретінде жас ұрпаққа үлгі болатын ауқымды іс-шараға қатысып, өз үлесімді қостым», -деді Амангелді Оспанов.

Ауданда барлығы 50-ден астам ірі және кіші бұлақ көздері бар. «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында бұлақ көздерін тазалау жұмыстары жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив