Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Энергетика министрлігі: Су тасқынының салдарын жоюға қажетті барлық материалдар бар

10-05-2024, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Ауқымды су тасқыны орын алған өңірлерде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру барысы туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев баяндады.

Қостанай облысында ажыратылған абоненттер саны 5 мыңнан 700-ге дейін азайды. Ақтөбе облысында 5,5 мыңнан 13-ке дейін азайды.

«Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында шектелген абоненттер 4 есеге, ал Атырау облысында 3 есеге азайды. Солтүстік Қазақстан облысында апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Қалған 5 мың абонентті электрмен жабдықтау су деңгейі төмендегеннен кейін өтінімдер бойынша қосылатын болады», — деді Алмасадам Сәтқалиев.

Төтенше жағдайды жоюға 9 мыңнан астам энергетик маман, 2 145 арнайы автотехника тартылды. 414 мобильді электр энергиясы көзі бар.

«Жақын арада әртүрлі кластағы 3 мыңнан астам электр беру желісін қалпына келтіру қажет. Зардапты жою үшін барлық қажетті материал бар», — деп түйіндеді энергетика министрі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив