Цифрлық даму министрлігі БҚО тұрғындарымен кездесу өткізді
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен онлайн-кездесу және азаматтарды қабылдау өткізді. Іс-шараға ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Халықпен кездесу барысында Қаныш Төлеушин мемлекеттік қызметтерді көрсету, облысты қолжетімді интернетпен және байланыспен қамтамасыз ету, өңірде IT-саласын дамыту бойынша ведомство жүргізіп жатқан жұмыстың жобалары мен жетістіктері туралы айтып берді.
Батыс Қазақстан облысында осы жылдың 1 тоқсанында 131 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Азаматтар көлікті тіркеу сервисін 12 мыңнан астам рет пайдаланды, оның 59,4% - ы онлайн форматта. Жалпы облыс бойынша 15 фронт-офис және 1 Арнайы ХҚКО жұмыс істейді. Орал қаласының, Тасқала және Бөрлі аудандарының ХҚКО-лары жаңғыртылды.
Бірінші вице-министр ведомство үшін ең маңыздысы - шалғай ауылдарда тұратын халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету екенін атап өтті. Цифрлық даму министрлігі ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау үшін Қазпоштамен бірлесіп 200 ауылдағы жергілікті бөлімшелер арқылы мемлекеттік қызметтер көрсете бастады.
Бүгінгі таңда маңызды технологиялық шешімдердің бірі - банкке, ХҚКО-на немесе нотариустарға бармай-ақ қызмет алу. Әділет министрлігі сенімхаттардың 5%-ын цифрлық форматқа ауыстырды. Батыс Қазақстан облысында осы сервис арқылы 1 240 сенімхат ресімделді және ипотеканың 67%-ы банктерде онлайн тіркеледі. Сондай-ақ, БҚО-да 7 мыңнан астам рет онлайн Ипотека тіркелген.
Халықпен кездесу барысында Қаныш Төлеушин ЦДИАӨМ ауылдық елді мекендердің байланысы мен интернетін қамтамасыз етуге тұрақты негізде ерекше назар аударатынын атап өтті. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында 421 ауыл бар. Ауылдардың көп бөлігінде Интернетке қолжетімді.
Сонымен қатар, Министрлік «Қолжетімді Интернет» байланыс саласындағы ұлттық жобаны әзірледі. Оның мақсаты - халық пен кәсіпкерлік субъектілерін жоғары жылдамдықты (≥ 100 Мбит/с) Интернет желісіне қол жеткізумен қамтамасыз ету.
Елде IT-мамандарға сұраныс артып келеді. Жыл сайын компаниялардың саны айтарлықтай артты.
Мысалы, 2022 жылы елде 16 мыңнан астам компания тіркелген, ал 2023 жылдың қорытындысы бойынша - 17 мыңнан астам компания. Еңбек нарығында білікті IT-мамандарға сұраныс өте жоғары, осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде министрлік 2025 жылға дейін 100 мың IT-мамандарды даярлау бойынша мақсатты іс-шаралар жүргізуде.
Министрліктің бастамасымен, әкімдіктер мен жеке бизнестің қолдауымен еліміздің 14 өңірінде IT-хабтар ашылды. Бүгінде аймақта Jaiq IT Hub жұмыс істейді. Инновациялық экожүйені дамыту барысында 50-ден астам бизнес-инкубатор құрылды, 10 өңірде 19 бизнес-инкубаторға қолдау көрсетілді.
Қаныш Төлеушин «Ақылды қала» жүйесін дамыту тақырыбын да қозғады. Оның мәліметінше, қала аумағында 12 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның ішінде 3 мыңнан астам камера жедел басқару Орталығына қосылған. Халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары бойынша қызметтерді біріктіретін «Smart Oral» қосымшасы жұмыс істейді.
Азаматтарды қабылдау барысында Орал тұрғындары министрлік өкілдерімен жеке сөйлесіп, шешімдерді талап ететін өз проблемалық сұрақтарын қойды.
Азаматтар елдегі су тасқыны жағдайына қарамастан кездесу өткізілгені үшін және eGov mobile мобильдік қосымшасында залалды өтеу жөніндегі сервисті жедел іске асырғаны үшін алғыс білдірді.