Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
476.27 515.47 5.41

Шетелдіктер жеңілдетілген тәртіппен тұруға ықтиярхат ала алатын кәсіптердің тізбесі кеңейтілді

14-05-2024, 13:55 Мадина Айдарова

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау, Мәдениет және ақпарат, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің ұсыныстары негізінде шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптер тізбесін (бұдан әрі – тізбе) 30 жаңа кәсіппен толықтырды.

Салалық мемлекеттік органдар ұсынатын толықтыруларды ескере отырып, Тізбе денсаулық сақтау, жаратылыстану ғылымдары, өңдеу өнеркәсібі, IT-технологиялар, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі және басқа да салаларда сұранысқа ие 51 кәсіпті қамтиды. 

Тізбеде көзделген кәсіптері бар шетелдіктер ішкі істер органдарында 10 жылға немесе паспорттың қолданылу мерзіміне оңайлатылған тәртіппен тұруға ықтиярхат ресімдей алады.

Жаңартылған тізбе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкінде алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Тізбедегі жаңа мамандықтар:

Анестезиолог-реаниматолог;

Дәрігер акушер-гинеколог;

Дәрігер-педиатр;

Сәулелік диагностика дәрігері;

Бағдарламалық қамтылымды әзірлеуші;

Бағдарламалық өнімдерді қолдау жөніндегі маман;

Мобильді қосымшаны әзірлеуші;

Компьютерлік ойындарды әзірлеуші;

Жасанды интеллект инженері;

Үлкен деректермен жұмыс жөніндегі маман;

Ақпараттық жүйелер сәулетшісі;

Қолданба бағдарламашысы;

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бизнес-талдаушы;

Бағдарламалық қамтылым дизайнері;

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жобаларының менеджері;

Ақпаратты қорғау инженері;

Бұлттық есептеулер бойынша маман;

Автоматтандыру инженері;

World Wide Web-әзірлеуші;

Бағдарламашы-талдаушы;

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттық-технологиялық және бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі оқытушы, доцент, профессор

Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі маман;

Сервер әкімшісі;

Қолданба әзірлеушісі;

Ақпаратты қорғау жөніндегі маман;

Графикалық дизайнер;

Графикалық анимация техникасы;

Суретші-иллюстратор;

Дыбыс инженері;

Бейне монтажер.

Тізбенің толық тізімімен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400034336 сілтемесі бойынша танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив