Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

ҚР ТЖМ: өрт қауіпті кезеңде халықтың және ел аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдануда

14-05-2024, 16:17 Мадина Айдарова

Биыл жаз ыстық болады деп болжанып отыр, табиғи өрттердің болу қаупі жоғары. Қазірдің өзінде, елімізде 27 орман өрті және 122 дала жануы тіркелді. Олардың көпшілігі министрлік күштерінің қатысуымен, оның ішінде авиацияны тарту арқылы жойылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Өңірлерде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Орманды дала алқаптары мен демалыс орындарында мобильді топтар рейдтер жүргізіп, нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 630 адамға айыппұл салынды. Сонымен қатар, шаруа қожалықтарын аралау жұмыстары жүргізілуде.

Табиғи өрттерге ден қою алгоритмін практикалық пысықтау үшін өткен жылы «Ормандала-2023» оқу-жаттығуы өткізілді. Биыл 15-16 мамырда еліміздің барлық өңірлерінде «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі. Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Абай облысының «Семей Орманы МОТР» РММ Бородулиха филиалының аумағында орналасқан.  Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн ішінде барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерімен және құралымдарымен практикалық іс-қимылдар жүргізіледі.

Барлық өңірлерде орман шаруашылығы мекемелерімен 53 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Министрліктің оқу орталықтарында орман күзетінің 1 300 жұмысшысы оқыды.

Әр өңірде ірі өрттермен күресу үшін жалпы саны республика бойынша шамамен 50 мың адам және 10 мыңнан астам техникадан тұратын күштер мен құралдар топтамасы дайындалды. Қазавиақұтқару авиациясының 19 борты тұрақты дайындық режимінде тұр, оның 9-ы су төгетін құрылғылармен жабдықталған. Аэровизуалды барлау үшін 120 ұшқышсыз ұшу аппараты бар.

ТЖ министрлігі азаматтық қорғау қызметтерімен бірлесіп елдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды.

«Қазіргі таңда елімізде болып жатқан су тасқыны ТЖМ-ның кез-келген қауіп-қатерлерге дайын екендігін көрсетіп жатыр. Дәл осы режимде өрт қауіпті кезеңде барлық қажетті іс-шаралар ұйымдастырылатын болады», - деді ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов Үкіметтің өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселесі жөніндегі отырысында сөйлеген сөзінде. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив