Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында ойын әзірлеушілерге арналған платформа ашылды

14-05-2024, 14:37 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгінгі таңда танымал және инвестициялық бағыт өңірімізде қарқынды дамып келеді. Abai it-Valley технологиялық кластерінің резиденттері шетелдік әріптестерімен бірдей деңгейде жұмыс істейтін платформа жасады.

Abai it-Valley технокластерінің негізін қалаушы Асхат Бейсембаев өңірлік коммуникациялар қызметінде атап өткендей, компьютерлік ойындарды әзірлеу бүкіл әлемде креативті индустрияның қарқынды дамып келе жатқан бағыты болып табылады.

- Компьютерлік және мобильді ойындарды дамыту сияқты шығармашылық индустрияның бағыты жыл сайын миллиардтаған доллар әкеледі. Сондықтан біз бұл бағытты дамытуымыз керек. Алайда, бірден атап өткім келеді, біз қолымыздағы бар дүниені ғана қолданамыз. Сондықтан, дәл қазір үздік өндірушілермен бәсекелес боламыз деп айтпаймыз.  Деседе «Abai IT-Valley» технологиялық кластерінің резиденттері «OiynDev» студиясында «Jidek.kz» платформасын әзірлеп үлгерді, - деп атап өтті Асхат Бейсембаев.

«Jidek.kz» платформасы  еліміздегі  бірегей жоба болып табылады. Өйткені оның тікелей баламасы Қазақстанда жоқ. Платформаның негізгі міндеті – жас технологтарды тарту нүктесін құру, оларға өз өнімдерін бөлісуге және тіпті ақша табуға мүмкіндік беру.

«OiynDev» студиясының жетекшісі Раиф Мисайлов айтуынша платформа тек әзірлеушілер үшін ғана емес, сонымен қатар ойындарды сатып алғысы келетіндер үшін де жасалған. 

- Бұл платформада ойын өндірушілері өз өнімдерін жариялайды, ал ойыншылар оны сатып ала алады. Біз батыста жұмыс істейтін үлкен платформаларға назар аударамыз. Бірте-бірте бізде әзірлеушілер көбейіп келеді және біз екі тараптың да қол жетімділігі үшін осындай жүйе қажет деп ойладық. Әрине, негізгі міндет – әзірлеушілер өз жобаларынан нақты ақша табуы үшін монетизацияның ыңғайлы жүйесін жасау, - деді Райф Мисайлов.

Сонымен қатар, ойындарды мемлекеттік тілге аударуға да көп көңіл бөлінеді. Өкінішке орай, қазір мұндай ойындардың саны тіл жағынан жоғары дәрежеде емес. Бірақ «OiynDev» студиясында барлық мазмұнды аударатын кәсіби аудармашылар  бар.

- Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық жас және идеясы мықты әзірлеушілерді бірігіп жұмыс істеуге шақырамыз. Мүмкін, біреу оны хобби форматында жақсы көреді немесе платформаға басқаша өзгеріс ұсына алады. Біз кез-келген жанмен бірігіп жұмыс істеуге дайынбыз, - деп қорытындылады Асхат Бейсембаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив