Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

15-05-2024, 15:14 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылдың 15 мамыр мен 15 маусым аралығында облыста «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық және қалалық кезеңдері өтеді.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ, қоғамдық пайдалы қызметке атсалысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.

Байқау кезеңдері: 

- 15 мамыр – 15 маусым: Облыстық және қалалық кезеңдерге қатысуға өтінімдерді қабылдау. 

- 16 – 30 маусым: Өңірлік комиссиялардың отырыстары. Отырыстар барысында облыстық кезеңге қатысу үшін әр аудан/қаладан екі отбасы іріктеліп алынады. 

- 1 – 15 шілде: Байқаудың облыстық кезеңі. Комиссия «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауының лауреаты атанатын бір отбасын анықтайды.

Толық ақпаратты 8 (705) 853 82 13 телефоны арқылы алуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив