Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан есеп беру кездесуін онлайн форматта өткізді
Облыстық полиция басшысы 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы жедел-қызмет жұмысының қорытындылары туралы хабарлады.
Жұмыс тобына облыс ПД қызметтерінің бірінші басшылары да қатысты.
Бектөре Жеңісбайұлы бүгінгі таңда қоғам қауіпсіздігінің жаһандық проблемасы киберқылмыс екенін атап өтті. Қылмыстың осы түріне қарсы тұру үшін Полиция департаментінде киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі арнайы топ құрылды, оның қызметкерлері Цифрлық технологиялар саласындағы білімдерін тұрақты негізде арттырып отырады. Сонымен бірге, ол полиция зардап шеккен тарапқа ақшаны қайтара алған кезде азаматтардың уақтылы жүгінуінің бірнеше мысалын келтірді.
Сондай-ақ, онлайн-есеп барысында Департамент бастығы есірткі қылмыстарына қарсы күрес, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары туралы айтып берді.
Тікелей эфир барысында пайдаланушылардан түрлі салаларға қатысты бірқатар сұрақтар келіп түсті. Барлық сұрақтарға жауаптар берілді.