«Этносаралық қақтығыстарды реттеудегі медиативтік тәсіл» семинар-тренингі бастау алды
Оқытуға Абай облысының қалалары мен аудандарының әлеуметтік мәселелері бойынша әкім орынбасарлары, Ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, Достық үйлерінің директорлары мен медиаторлары қатысуда.
Семинар-тренингті жүргізуші - жаттықтырушы-сарапшы, «Парасат» медиация және құқық орталығының кәсіби медиаторы Адаев Мұхтар. Ол өз ісінің маманы, «Өндірістегі қақтығыстарды реттеу кезіндегі медиативтік тәсіл», «Этносаралық қақтығыстарды реттеу кезіндегі медиативтік тәсіл» және тағы басқа да оқу бағдарламаларын әзірлеуші-авторы.
Тренинг ұйымдастырушылары Абай облысының ішкі саясат басқармасының және «Сана» жастар қоғамдық бірлестігі.
Тренинг екі тілде, қазақ және орыс тілдерінде өтуде. Онда этносаралық қақтығыс, олардың ерекшеліктерін түсіну бойынша қатысушылардың пікірлері жиналып, медиативтік кездесу мен әңгімелесу бағыттарын қамту жоспарланған.
Екі күнде қатысушылардың қақтығыс жағдайын талдау, вербалды емес коммуникацияны дамытуды, этносаралық қақтығыстардың алдын алу немесе реттеу кезіндегі медиативтік тәсіл және құзырет тақырыптар аясында пікірталас, қақтығыстағы тараптардың талаптарын, мүдделерін анықтауды үйрену мүмкіндігі болады.