Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар Кеңесінің «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты диалог алаңы өтті
Шара Абай облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Н. Аққожинаның, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Әлиннің, Абай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы А. Базеновтың және Абай облысының қалалары мен аудандарының Ақсақалдар кеңесінің төрағаларының қатысуымен өтті.
Ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 15 наурыздағы Ұлттық құрылтайындағы айтқан мәселелерінің негізгі тұстары мен Халық Ассамблеясының «Бірлік, Жасампаздық. Прогресс» сессиясындағы мәселелер талқыланды.
Жиын облыстың қалалық және аудандық Ақсақалдар кеңестерінің төрағалары үшін алғаш рет ZOOM-конференциясы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылды.
Шара барысында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Н. Аққожина жас буын үшін ақсақалдардың айтқан сөздері қоғамда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.