Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Семейде танымал суретші Аңсаған Мұстафаның сурет көрмесі өтеді

28-02-2023, 16:17 Alikhan Bokeikhan University

Құрметті жерлестер!
Қадірлі әріптестер! Қымбатты білім алушылар!

Тұңғыш рет Абай облысында, наурыз айының 1-і мен 14-і күндері аралығында Әлихан Бөкейхан Университетінде танымал суретші, дизайнер Аңсаған Мұстафаның (@ansagan_mustafa) "Сөйле, сурет!" атты әлеуметтік тақырыптағы суреттерінің көрмесі өтеді.

Көрмеде сіздер танымал суретшінің Қазақстан, Ұлыбритания, Корея, Бразилия, Панама, Мексика, Украина, Түркия, Иран, Аргентина Франция елдерінің жетекші көрмелерінде қойылған суреттерін тамашалай аласыздар.

Автор өз суреттерінде бүгінгі адамзат қоғамының, оның ішінде Қазақ елінің ең түйткілді мәселелері мен өзекті тақырыптарын көтереді.


Көрме Университетіміздің бас ғимаратында (Семей қ., Мәңгілік Ел к-сі, 11) орналасады. Көрмені наурыз айының 14-не дейінгі аралықта дүйсенбіден жұмаға дейін күнделікті сағат 9-дан 18.00-ге дейін тамашалай аласыздар. Кіру — тегін

Көрмеге топтық экскурсия жасағысы келген ұжымдарға +7-747-679-44-91 телефон нөміріне алдын ала хабарласу арқылы, келісілген уақытқа сәйкес келіп тамашалауға болады

Барлықтарыңызды "Сөйле, сурет!" көрмесінде күтеміз!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив