Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семейде «Халықаралық отбасы күні» кең көлемде тойланды

16-05-2024, 15:37 Думан Кенжеғазыұлы

Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық болуы қажет. Осындай қасиеттерді нығайту мақсатында Абай облысының орталығында «Халықаралық отбасы күні» мерекесі тойланды. Семей қаласының әкімдігі мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шара бірнеше сайыстардан, жарқын сәттерден тұрды. 

Қаладағы Жамақаев көшесі бойында орналасқан кеңістікте Отбасы күніне арналған мәдени іс-шара жастардың неке қию рәсімімен басталды. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген сөз бар.  Яғни, мемлекеттің кіші моделі — отбасын құрып, өз алдына отау тігу. Мерекеге орай арнайы бүгін екі жұп дүйім жұрттың алдында некелерін қиып, отбасы дейтін бүтіндей бір мемлекеттің тәуелсіздігін жариялады. Енді жыл сайын жас жұбайлар неке күнін және мерекені қатар атап өтпек.

Келесі сәт, «Жұлдызды жұп» атты өнерлі отбасылардың ән шырқауы болды. Өнер атты айдында бірге жүзіп келе жатқан жарасымды жұптар өз отбасын махаббат пен мейірімге толтырып қана қоймай, айналаға да әнмен шуақ шаша білді. Жиылған қауымның алдында 6-жұп өнер көрсетіп, сайыс соңында әр отбасы түрлі номинациялар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 

Қоғамның негізгі мақсаты адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, керегесі кең, берік отбасына байланысты. Мұндай отбасылық береке-бірлікті « Әке, ана және мен» деген спорттық сайысқа қатысқан жандар көрсете білді. Семей қалалық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 4 адамнан құралған, 5-кезеңнен тұратын спорттық сайыс өте көңілді болды. Тартысқа толы сайысқа қатысқан әр отбасы бағалы сыйлықтармен өз марапаттарын алды. 

Сондай-ақ, «Халықаралық отбасы күні» қарсаңында орталықта сурет көрмесі, әжелер мен немерелердің тартуы көрсетілді. Соңында қала қонақтары көңілді кешке өз ризашылықтарын білдіріп, қошеметтерін көрсетті. Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің қатысуымен жасалған пресс-турда жоғары деңгейде болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив