Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.01 582.47 6.26

IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін

17-05-2024, 17:52 Мадина Айдарова

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Халықаралық кітапхана ассоциациялары мен мекемелері федерациясымен кездесу өтті. Қатысушылар 2025 жылғы IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресін Қазақстанда өткізу мүмкіндіктерін талқылады.

Айта кетейік, IFLA дүниежүзілік кітапхана қауымдастығына кітапханадағы ақпараттық қызмет көрсету саласы боцынша кең ауқымды мәселелерді талқылау үшін тұрақты кездесуге мүмкіндік береді, халықаралық бірлестіктермен және ұйымдармен ынтымақтастықты қолдайды.

Беделді іс-шараны ұйымдастыру үшін, IFLA Басқарушы кеңесі ұлттық қауымдастықтың бір топ сарапшыларын мүмкіндіктерді саралау үшін Қазақстанға арнайы жіберген. Конгерске 100 астам елден төрт мыңға дейін қатысушы келеді.

Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Әмірбекұлы IFLA кітапхана ісінің озық және инновациялық идеяларын біріктіріп, кітапханашылардың кәсіби қарым-қатынасын арттыратынына тоқталды. Сонымен қатар басқарма басшысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі өз құзыреті шегінде аталмыш ауқымды іс-шараға көпшілікке қолжетімді кітапханалардың қатысуын қадағалап, ақпараттық қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив