Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Мәулен Әшімбаев «Run for Autism» қайырымдылық жарысына қатысты

18-05-2024, 12:00 Мадина Айдарова

Бүгін Астанада мыңдаған мейірімді жанның басын қосқан жүгіруден «Run for Autism» қайырымдылық жарысы өтті. Спорттық іс-шараны елорда әкімдігінің және демеушілердің қолдауымен «Болашақ» корпоративтік қоры ұйымдастырды. Марафоннан жиналған қаражат аутизм және басқа да ментальді бұзылу дертіне шалдыққан балаларды қолдауға жұмсалады.

Жарысқа қатысқан Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыруда және ерекше қажеттілігі бар адамдарды оңалту ісінде спорт маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сондай-ақ Палата Спикері Мемлекет басшысы елімізде инклюзивті қоғам құруға және соған қажетті барлық жағдайды жасауға баса мән беріп келе жатқанын тілге тиек етті.

«Run for Autism» – жай спорт жарысы емес. Бүгінгі жарыс кәсіби спортшылар мен әуесқойларды, ересектер мен балаларды біріктірген маңызды бастама. Бұл сайысқа екі мыңнан астам белсенді азамат, ерекше қажеттілігі бар балалар және олардың ата-аналары қатысып жатыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға және ауылдарымыз бен қалаларымызда инклюзивті орта қалыптастыруға үнемі баса мән беріп келеді. Бүгін біз осы жарыс арқылы еліміздегі әр балаға ерекше қажеттілігіне қарамастан білім алып, дамуы үшін тең мүмкіндіктер беру жолында тағы бір маңызды қадам жасап отырмыз. Баршаңызды осындай игі бастаманы қолдауға, әр баланың өз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасалған инклюзивті қоғам қалыптастыруға үлес қосуға шақырамын», – деген Мәулен Әшімбаев жарысты ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда аутизм диагнозы қойылған 15 мыңнан астам бала бар. Жарысты ұйымдастырған «Болашақ» корпоративтік қоры 2015 жылдан бері аутизм және басқа да ментальді бұзылу дертіне шалдыққан балаларды оқытуға арналған бағдарламаны іске асырып келеді. Осы мақсатпен Қор еліміздің 22 қаласында инклюзияны қолдауға арналған 57 кабинет ашты. Соның нәтижесінде 800-ден астам ерекше бала мектепке барып, білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив