Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Абай облысында «Senat Open» шахмат турнирінің чемпионаты өтуде

19-05-2024, 10:13 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен Абай облысы мәслихаты және Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастыруымен «Senat Open» шахмат турнирінің чемпионаты өтуде. Турнирге облыстық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдерінен 100 ге жуық адам қатысып жатыр. 

Ашылу салтанатына Абай облысы мәслихатының төрағасы Қуаныш Сүлейменов, Республикалық шахмат федерациясының вице-президенті Александр Бабенко қатысып, ақыл-ой спортын насихаттауға бағытталған бастамаға қолдау көрсетті.

Турнирдің мақсаты – талантты шахматшыларды табу ғана емес, сонымен қатар қоғамға шахматтың ұлттың зияткерлік қабілеттерін дамытуға ықпал ететін өнер мен ғылым ретіндегі маңыздылығы туралы білім беру. Абай облыстық мәслихатының депутаттары өңірде шахмат спортын дамытуға зор қызығушылық танытып келеді.

Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде 200 мыңнан астам адам шахматпен айналысады. Жеті өңірде аталған ойынды үйрету үшін пилоттық жоба қолға алынған. Бұл бастама 42 мектеп пен 1000 оқушыны қамтып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив