Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
476.27 515.47 5.41

«Алаш мұрасы - ұрпаққа аманат» атты әдеби квест

20-05-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының мәдениет мекемелерінің қызметкерлері арасында «Мәдениет және өнер қызметкерлері» күніне орай «Алаш мұрасы - ұрпаққа аманат» атты әдеби квест өтті. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Абайдың «Жиделі-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының бірлесе ұйымдастыруымен болған әдеби квестке 4 команда қатысты. 

Әдеби квесттің негізгі мақсаты Алаш автономиясының, Алашорда үкіметінің, «Алаш» партиясының идеяларын және елді тәуелсіздік мұратына ұйыстырған Алаш арыстарының мұраларын насихаттауға және Семей қаласының мәдениет ошақтарының өзара ынтымақтастығын, ұйымшылдығын, бірлігін дамыту. 

Дәстүрлі өтетін әдеби квестке Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы, «Дариға-ай» жастар театры,  Семей қаласының мәдениет Сарайы,  Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлерінен жасақталған топтар өзара мықтыны анықтады.

Іс-шара барысында олар Алаш арыстарының өлеңдері, көркем шығармаларының сюжеттері, олардың оқиғалары мен кейіпкерлері және «Алаш қозғалысы», «Алаш баспасөзі», «Алаш арыстары – М.Әуезов»  тақырыптарының төңірегінде тапсырмалары бар маршрут парағы бойынша әр бекетке өтіп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Атап айтар болсақ, Әнияр бекеті, Көне Семей, Баспасөз  бекеті, Қозғалыс бекеті, Мұхтар Әуезов бекеті, Киелі мекен және поэзия бекеті.

Жарыс қорытындысы бойынша: Бас жүлде «Дариға-ай» жастар театры,  1-орын Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы, 2-орын Семей қаласының мәдениет Сарайы және 3-орын Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлерінің тобы болды. 

Әдеби квест соңында жеңімпаздар дипломдармен  және  бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сөз соңында әділ-қазылар алқасы Алаш арыстары - М. Әуезов музейінде өткен әдеби квестті ұйымдастырушыларға бұдан әрі республикалық көлемде өткізуді ұсынды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив