Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласының кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құру туралы хабарландыру

21-05-2024, 13:10 Мадина Айдарова

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласының кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құрамы мүшелерін қалыптастыру үшін хабарландыру жариялайды (бұдан әрі – Салалық кеңес).

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық кеңесі консультативтік-кеңесші орган ретінде мынадай функцияларды орындайтын болады:

- мемлекеттік орган  (ҚР АШМ) тарапынан әзірлеген салалық біліктілік шеңберін бекітеді;

- мемлекеттік орган (ҚР АШМ) әзірлеген кәсіптік стандарттарды келіседі;

- мемлекеттік органның кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды келіседі;

- мемлекеттік органның кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектендіру жөніндегі ұсыныстар мен келіседі;

- мемлекеттік органның кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстары және басқаларын келіседі.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы салалық кеңестің құрамын қалыптастыру және бекіту үшін мыналарды ұсынуды сұраймыз:

1) жазбаша өтініш (өтініш үлгісі қоса беріледі);

2) ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжат (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес).

Салалық кеңестің құрамына 2 (екі) өкілден артық емес іріктелетінін атап өтеміз, яғни:

1) мемлекеттік органнан;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан;

3) кәсіптік біліктілік жөніндегі Ұлттық органнан;

4) жұмыс берушілерден;

5) салалық кәсіптік одақтарынан (бар болған жағдайда);

6) жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары), олар болмаған кезде салалық ұйымдар (бар болған  жағдайда);

7) Ауыл шаруашылығы саласында білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары.

Кандидатуралар бойынша ұсыныстар мен оларға қоса берілген құжаттарды салалық кеңестің құрамына енгізу үшін 2024 жылғы 24 мамырға дейінгі мерзімде төмендегі электрондық мекенжайға ұсынуды сұраймыз: мал шаруашылығы бойынша abu.d@minagri.gov.kz және өсімдік шаруашылығы бойынша musanova.a@minagri.gov.kz

Өтініш үлгісі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив