Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
480.72 548.07 6.14

Сенатор Андрей Лукин ҰҚШҰ ПА отырысына қатысты

21-05-2024, 20:21 Мадина Айдарова

ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Андрей Лукин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссиясының кезектен тыс отырысына қатысты.

Сенатор ақпараттық-коммуникациялық технологияның бір түрі ретінде жасанды интеллект технологиясының таралуындағы өзекті мәселелерді басқа елдерден келген әріптестерімен бірге талқылады.

Парламентшілер шара қорытындысы бойынша жасанды интеллект технологияларын әзірлеу мен пайдалану барысы ретімен жүзеге асып, бақылауда, қауіпсіз және сенімді болуын, қоғам мен адамзаттың аса маңызды мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив