Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісімен кездесті

22-05-2024, 14:22 Мадина Айдарова

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори және Қазақстандағы БҰҰ Кеңсесінің басшысы Куртмолла Абдулганиевпен кездесті.

 Кездесу барысында Парламент Сенатының Қоғамдық жобалық кеңсесінің қолдауымен жұмыс істейтін «MIND» акселераторы аясындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

«MIND» акселераторы біздің орнықты даму саласындағы әлеуетімізді іске асырудың маңызды құралы болып табылады. Біз БҰҰ-ның қолдауы мен сараптамасы осы саладағы күш-жігерімізді едәуір арттыра алатынын көріп отырмыз», - деді Сенат Төрағасының орынбасары.

Ол сондай-ақ бұл алаң денсаулық сақтауды жақсарту, білім беру сапасын арттыру, лайықты еңбек жағдайы мен экономикалық өсуді қамтамасыз ету, сондай-ақ орнықты қалалар мен елді мекендерді дамыту сияқты бірнеше негізгі бағыттарға арналғанын атап өтті.

Микаэла Фриберг-Стори мен Куртмолла Абдулганиев өз кезегінде Қазақстанның бастамаларына қолдау білдіріп, акселератордың мақсаттарын іске асыруда БҰҰ жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. Олар ОДМ-ға табысты қол жеткізу барлық мүдделі тараптардың бірыңғай көзқарасы мен бірлескен күш-жігерін талап ететінін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив