Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.91 542.16 6.16

ІІМ Қостанай академиясы қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алды

1-03-2023, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін, Алғыс айту күні ІІМ Қостанай академиясы қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Ғазиз Байтасовты, Дархан Базарбаевты, Асқар Забикулинді еске алды.

Көктемнің бірінші күні тәртіп сақшыларына қызметте көрсеткен адалдығы мен батылдығы үшін, сондай-ақ өңірде және республикада қауіпсіздік пен тұрақтылық сезімі үшін алғыс айтудың тағы бір мүмкіндігі туды.

Академия бастығының м.а. полиция полковнигі Нуркен Мухаметкалиев атап өткендей, олардың есімдері бүгінгі күні құқықтық тәртіпті сақтап жүргендердің жадында мәңгі қалады, олар жас полиция қызметкерлері үшін ерлік пен қызметтік борышын лайықты орындаудың үлгісі болсын.

Қаза тапқан жауынгерлерді еске ала отырып, олардың рухтарының алдында басымызды иеміз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив