Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Сенаторлар ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының мүшелерімен кездесті

23-05-2024, 09:21 Мадина Айдарова

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Евгений Больгерт, Мұрат Қадырбек және Жанна Асанова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро мүшелерімен кездесті.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы Евгений Больгерт Қазақстан дәстүрлі түрде ЕҚЫҰ-мен, атап айтқанда, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюромен ынтымақтастыққа баса назар аударатынын атап өтті.

Кездесуге қатысушылар адам құқықтарын ілгерілету, сайлау процестерін жетілдіру және заң үстемдігін нығайту жөніндегі бірлескен күш-жігермен қоса ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады. Екі тарап өзара тығыз қарым-қатынасты жалғастыруға және ортақ мақсаттарға жетуде тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив