Астанада мемлекеттік жобаларды іске асырудағы ашықтық мен тиімділікті арттыруға арналған жоба таныстырылды
Елордада Еуропалық Одақтың Қазақстанға бөлген қаржылық грантының қолдауымен «Қазақстандағы қоғамдық диалогтың негізгі бөлігі ретінде азаматтық қоғам субъектілері жүзеге асыратын мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру мониторингі» атты жоба таныстырылды.
Жоба ҚР «Қоғамдық бақылау туралы» заңын іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған, бұл азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қызығушылықты арттыруға, көпшілікті қоғамдық мониторинг процесіне тартуға және т.б. мүмкіндік береді.
Отырысқа ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова, жоба жетекшісі, «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының директоры Алтынай Көбеева, сонымен қатар мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Алтынай Көбеева аталмыш жоба мемлекеттік бағдарламалар мен даму жоспарын іске асырудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Айта кетейік, жобаны Түркістан, Қостанай, Павлодар және Жетісу облыстарында қоғамдық мониторинг жүргізуге азаматтық қоғам өкілдерін тарту арқылы іске асыру жоспарлануда.