7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды
Астанада 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша республикалық олимпиада аяқталды. Оған еліміздің барлық аймақтарынан 314 оқушы қатысты.
Барлығы 138 марапат сарапқа салынды: бірінші орын - 28, екінші орын – 45 және үшінші орын – 65.
«Сіздер күрделі тапсырмаларды шешуде нағыз шеберлік пен білімдеріңізді көрсеттіңіздер. Бүгінгі жеңістеріңіз білім жолында жаңалықтар ашатын ұзақ та қызық жолдың бастамасы болсын. Ғылым мен білім әлемінде алдағы уақытта да табыстар, жаңа биіктер мен ұмытылмас сәттер тілеймін», - деді марапаттау рәсімінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов
Олимпиада қорытындысы бойынша үздік олимпиадалық командалар марапатталды:
III орын – «РФММ» КеАҚ, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары;
II орын – Алматы қаласы мен Павлодар облысы;
I орын – Астана қаласы, Ақтөбе мен Түркістан облыстары.
Бас жүлдені Назарбаев Зияткерлік мектептері командасы жеңіп алды.
Айта кетсек, 7-8 сынып олимпиаданың бастапқы кезеңіне 95 282, облыстық кезеңге 9 599 оқушы қатысты. Бұл көрсеткіштер жарыстың жоғары деңгейін және олимпиаданың маңыздылығын көрсетеді.