Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
471.83 505.66 5.4

Шанхайлық ірі компаниялар өкілдерімен келіссөз өтті

24-05-2024, 08:30 Мадина Айдарова

Абай облысында «China Triumph International Engineering Co. Ltd» компаниясының өкілдерімен келіссөз өтті. Жиында өңірдің өнеркәсіптік және индустриялық-инновациялық даму мәселелері талқыланды. Келіссөзге облыс әкімінің орынбасарлары Димитрий Гариков, Әділбек Мұсабаев, басқармалар мен саяси партиялардың басшылары қатысты.

Дөңгелек үстел басына жиналғандар энергетика, энергия үнемдеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым және абаттандыру салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударды.

Шанхайлық Sanei Elevator компаниясының өкілдері өз кезегінде облысымызда жоғары сапалы жеделсатыларды өндірумен айналысуға мүдделі екендерін атап өтті. Аталған компания 1987 жылдан бері Қытайда жеделсаты жасап шығарумен айналысып келе жатқан алғашқы ұлттық кәсіпорын.

Қос тарап ортаға салған ұсыныстардың негізгі мақсаты – облыстың экономикасын нығайтуға ықпал ету және агроөнеркәсіптік кешенді, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары саласын дамытудың жаңа деңгейіне қол жеткізу.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив