Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Әскери қызметшілердің жұбайларына ерекше назар аударылды

1-03-2023, 13:02 018.kz

Абай гарнизонына қызметтік сапарымен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы  Тәттігүл Смағұлова мен отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің психологы Гүлнәр Жасұзақова келді. Олар гарнизондық офицерлер үйінде әскери қызметшілердің жұбайларымен кездесу ұйымдастырды. Алқалы жиын әскери қызметшілер отбасындағы ынтықмақты нығайтып,  берекені арттыруды мақсат тұтты.  Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы әскерилердің әйелдеріне мемлекеттің назары ерекше екендігіне жете тоқталды. Баласы дертке ұшырап, отаны шетелге асып жасауға тура келген жағдайда министрлік тарапынан қандай көмектің көрсетілетіні айтылды.  Жиын барысында  әскери қызметшілердің отбасы мүшелері Астанадан келген арнайы мамандарға көкейкесті сауалдарын жолдады.  Шара соңында психолог Гүлнәр Жасұзақова «Офицердің жары» атты өлең шумақтарын оқыды. Психологтың орындаған шығармасы жиналған жұртшылықтың ыстық қошеметіне ие болды.  Жұмыс сапарымен Абай гарнизонына келгендер аталмыш кештен кейін, толғандырған мәселесі бар әйелдер қауымымен жеке қабылдау жүргізді. 

- Отбасы болған соң  ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Дегенмен біздің  мақсат әскери қызметшілер отбасындағы  тұрақтылықты сақтау. Бүгінгі шарада осы мәселе көтерілді. Қорғаныс министрлігінен келген арнайы мамандар әскерилердің әйелдеріне ақпараттық-түсіндірме бағыттағы жұмыстарын жүргізіп, сонымен қатар гарнизондағы отбасы мүшелерімен жұмыс жасайтын қызметкерлердің біліктіліктерін арттырды, - дейді  44793 әскери бөлімі командирінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметі жөніндегі көмекшісі азаматтық персонал Гүлнәр Сейітқалиева.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив