Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.19 636.44 6.49

Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметін қадағалау ережесіне өзгерістер енгізіледі

24-05-2024, 13:10 Мадина Айдарова

Қорғаныс министрлігі «Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 424 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі.

Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшу қауіпсіздігі департаменті нормативтік құқықтық актілерге тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

Оларды өзектендіру үшін жобада нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруге, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жақсартуға, сондай-ақ оларды кейіннен талдау және тиісінше профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында ұшу қауіпсіздігі жөніндегі деректерді ұсынуды регламенттеу сапасын арттыруға бағытталған өзгерістер енгізу ұсынылады.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 6 маусымына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15064789

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив