Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Шаруаларға 5 пайызбен несие беріледі

24-05-2024, 14:59 Мадина Айдарова

2024 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына алғаш рет 5% жеңілдікпен 400 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінді.  Несиелер «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша бөлініп, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдары, несие серіктестіктері және екінші деңгейлі банктер арқылы іске асыралыды.

2021 жылдан бастап бағдарлама операторы – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын тікелей жеңілдетілген несиелендіруге 140 млрд теңге көлемінде бюджет қаражаты бөлініп келген. «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы форвардтық сатып алу бағдарламасын жүзеге асыруға тағы шамамен 40 млрд теңге қарастырылған. Егінді несиелендіруге барлығы 180 млрд теңге бөлінді.

Қаржыландырудың қосымша көлемдері.

Биылғы жылы қолда бар қаржыландыру көлеміне «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша қосымша 400 млрд теңге тарту мүмкіндігі бар. Бұл мақсатқа «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ желісі бойынша 300 млрд теңге тартылады.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен несие ала алады. Несие мерзімі – 12 айға дейін. «Кең дала-2» бағдарламасына өтініштер 29 сәуірден бастап қабылдануда.

Бүгінгі таңда 600-ден астам шаруа қожалығы жалпы сомасы 46,6 млрд теңгеге өтінім берді, бұл 425 мың гектар егіс алқабын несиемен қамтуға мүмкіндік береді. Белсенді жұмыс жалғасуда, АНК филиалдары өтініштерді демалыс күндері де сенбі және жексенбі де қабылдайды.

Қолданыстағы тетіктерге өзгерістер.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жеңілдікті несиелендірудің қосымша көлемін қамтамасыз ету үшін субсидиялаудың қолданыстағы тетіктеріне өзгерістер енгізуді көздейді.

Біріншіден, фермерлер 5 пайыздан аспайтын жеңілдік мөлшерлемесі бойынша несие алады, бұл пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға қаражаттың болуына байланысты емес.

Екіншіден, несиелер бойынша кепілді қамтамасыз ету жағдайын жақсарту үшін несие шарты сомасының 85% мөлшерінде кепілдік тетігі қарастырылған.

Бюджет қаражаты                

Несиелерді арзандату үшін және кепілдік беру тетігіне республикалық бюджеттен 60 млрд теңге, оның ішінде купондық сыйақыны субсидиялауға - 45 млрд теңге, қарыздарды кепілдендіруге - 15 млрд теңге, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен 37,3 млрд теңге бөлінеді.

Кепілді қамтамасыз ету

Қарыз алушы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-дан кепілдік алуға, ал қарыздың қалған сомасына және сыйақыға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның кепілдік саясатының талаптарына сәйкес қамтамасыз етуді ұсынуға құқылы. Немесе қарыздың толық сомасына АНК кепіл саясатының талаптарына жауап беретін кепілді қамтамасыз ету. Екінші деңгейлі банк арналары бойынша қаржыландыру кезінде екінші деңгейлі банктердің кепіл саясаты қолданылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив