Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысындағы барлық нарық (базар) санитариялық бақылауда

24-05-2024, 12:04 Думан Кенжеғазыұлы

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін, өнімдерді сатып алу жолымен тамақ және тамақ емес өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда. Бұл туралы Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау департаменті басшысының орынбасары Раушан Фатхуллина баяндады.

Бүгінгі таңда облыс аумағында бақылауда тұрған 14 нарық (базар) бар. Барлық базарлар әмбебап, қалалық сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесіне қосылған. Сондай-ақ базарларда орталықтандырылған кәріз жүйесі және 2 базардың балансында санитариялық-ветеринариялық зертхана жұмыс істейді.

- Семей қаласы прокуратурасының тапсырмасы бойынша 4 базарға қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Анықталған тексеріс бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 425 бабының 1-бөлігіне сәйкес, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы электрондық хаттамалар толтырылды,- деп атап өтті Раушан Фатхуллина.

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің тапсырмалары бойынша, өнімнің санитариялық-эпидемиологиялық мониторингін жүргізу шеңберінде, 2024 жылдың ағымдағы кезеңінде барлығы 31 сынама алынды, оның ішінде алкогольсіз газдалған сусындардың 4 сынамасы, сүт және сүт өнімдерінің 17 сынамасы, балалар киімінің (мектеп формасы) 10 сынамасы іріктеп алынған.

- Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығының» филиалында жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша: техникалық регламенттер талаптарының негізгі бұзушылықтары болды. Атап айтар болсақ: сүттің 3 сынамасы, балалар киімінің барлық 10 сынамасы,  , физика - химиялық көрсеткіштер (гигроскопиялық) бойынша - 6 сынама талаптарға сай келмеді. Сәйкес келмейтін өнімдердің барлығы импорттық өнімдер, - деді спикер.

Департаменттің аумақтық басқармаларының мамандары Ұлттық сараптама орталығының филиалдарымен бірлесіп, Абай облысының сауда объектілері мен базарларының аумағында «Қауіпсіз өнімді таңдаңыз», «Тамақ өнімдерін таңбалау» тақырыбында ай сайын акциялар өткізуде.

- Акциялар барысында халық пен жеке кәсіпкерлер арасында өндірілетін және сатылатын өнімдердің қауіпсіздігі, Кеден одағының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын техникалық регламенттерінің талаптарын сақтау, жіті ішек, тамақтан улану ауруларының алдын алу кезінде жеке және жалпы гигиенаны сақтау және тұтынушыларды сапасыз тамақ өнімдерінен қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді,- деп қорытындылады Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау департаменті техникалық регламенттер талаптарын бақылау бөлімінің бас маманы Қырмызы Мұқажанова.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив