Абай облысының фермерлері үшін жеңілдетілген несиелерге қосымша 8 млрд теңге бөлінді
Абай облысының шаруаларына жылдық 5 % несие қолжетімді,, - деп хабарлайды 018.kz тілшісі Мадина Айдарова Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аграрлық несие корпорациясының өңірлік филиалы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды жалғастыруда. Осы мақсаттарға қолда бар 1,3 млрд теңгеге қосымша 8 млрд теңге бөлінді.
Бұл ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында, Үкіметтің қолдауымен ұйымдастырылуда. Жалпы еліміз бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру 300 млрд теңгеге ұлғайтылды.
Біріншіден, қарыз алушылар жылдық 5% деңгейінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен қамтамасыз етілді. Мемлекеттік субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді фермер қосымша жұмыстарсыз арзандатылған мөлшерлемені алады.
Екіншіден, кепілмен қамтамасыз ету мәселесін шешу қарастырылған. «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша фермерлердің қарыз сомасының 85 % – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілдік береді.
«Егер бұған дейін несиелер қысқа мерзімге берілсе және оларды 1 желтоқсанға дейін өтеу қажет болса, қазір қаржыландыру орта мерзімді болып табылады. Өтеу мерзімі ұлғайтылды (қазіргі уақытта қарыздардың 50 % өтеу 1 желтоқсанға дейін, қалған 50 % – келесі жылдың 1 наурызына дейін жүзеге асырылады). Бұл фермерлерге егінді неғұрлым тиімді бағамен сатуға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді АНК.
Кеңес алу және несиеге өтінім беру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өңірлік филиалына (Қ.Мұхамедханов көшесі, 23 а БЦ Өрлеу) жүгіну қажет.
Байланыс телефондары: 8-701-006-17-22, 8-701-006-17-23.
Қосымша ақпарат сайтта қол жетімді https: https://agrocredit.kz/ және Call-орталықтың нөмірлері бойынша: Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін 5353 және Tele 2, Altel үшін 8-701-006-17-22.