Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семей медицина университетінің білікті оқытушылары аудандарды аралады

24-05-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Қазіргі уақытта ауылдық жерлерде медициналық қызмет сапасын жақсартуға көп көңіл бөлінуде.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы іске асырылуда. «Семей медицина университеті» КеАҚ бұл ауқымды бастаманы жүзеге асыруға үлес қосып жатыр.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.Ш. Әлназарованың және Абай облысының әкімі Н.Т. Ұранхаевтың тапсырмасына сәйкес «Семей медицина университеті» КеАҚ профессор-оқытушыларынан құралған мобильді көпсалалы топ аудандарды аралады.

Топ құрамында жоғары білікті мамандар, профессорлар, медицина ғылымдарының докторлары бар.

Сапар барысында пульмонологтар, хирургтар, акушер-гинекологтар, педиатрлар қабылдау жүргізді. 

Мобильді көпсалалы топ Абай облысының Жарма, Аягөз, Үржар және Мақаншы аудандарының елді мекендеріне барды.

Бұл топтың сапарға шыққандағы мақсаты мақсаты – аудандардағы денсаулық сақтау саласы мекемелерінің мамандарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив