Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Қазпоштаның ауылдардағы стратегиялық бастамалары қандай?

1-03-2023, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Ақтөбеде «Ауыл аманаты - бабалар аманаты» форумы өтіп, оған Қазпошта өкілдері қатысты.

Форум жұмысына Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Тамабек Әбілхайыр, бизнес-қауымдастық өкілдері, фермерлер және т.б. қатысты.

«Біздің өңірдің 25,5%-ы немесе 236 мың адам ауылдық жерлерде тұрады. Соңғы төрт жылда ауыл халқының саны 7,1%-ға азайып, ауылдан қалаға көшкендер саны 18 мың адамды құрады. Өткен жылы елімізде, біздің өңірде алғаш рет «Ауыл аманаты» жобасы қолға алынды. Біз ауыл мәселелерін түпкілікті шешпейінше, қала мәселелерін шеше алмаймыз», - деп атап өтті Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Іс-шарада көтерілген тақырыптардың бірі – ауылдық округтерде ұлттық пошта операторы мүмкіндіктерін кеңейту болды. Айта кетерлігі, Қазпоштада кең ауқымды филиалдық желі бар, сол себепті компания өзінің кеңейтілген инфрақұрылымының арқасында ауыл тұрғындарына пошта, қаржы және агенттік қызметтерін көрсете алады.

«Қазпоштаның қаржылық және цифрлық қызметтеріне «Ауыл аманаты» бағдарламасы қатысушыларынан сұраныс көп. Біздің компания электрондық коммерцияны дамыту бағытындағы жергілікті бизнесті қолдауға дайын және тауарларды сату, Қазпошта инфрақұрылымы арқылы клиенттермен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін ұсына алады», - деп атап өтті "Қазпошта" АҚ Стратегия және жобалық басқару блогының басшысы Азамат Кескінбаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив