Елімізде 240-тан астам педагог ведомстволық наградаларға ие болды
Еліміздің әр өңірінде 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. 240-тан астам педагог ҚР Оқу-ағарту министрінің атынан ведомстволық наградалармен марапатталды.
Ғани Бейсембаев ұстаздарға көп жылғы адал еңбектері мен білім саласын дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
«Білім саласы – болашақтың негізі, оның басты тірегі – бар күш-жігері мен білімін баланы оқытып, тәрбиелеуге жұмсайтын ұстаздар қауымы. Әр баланың тұлғалық қалыптасуының бастауында сіздер тұрсыздар, еліміздің білімді, рухани бай ұрпағын қалыптастырып келесіздер. Ұстаздық қызметтегі кәсіби шеберліктеріңіз үшін шынайы ризашылығым мен шексіз құрметімді білдіремін», - деп атап өтті министр.
Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгімен «Үздік педагог» атағының иегерлері болып табылатын 190 педагог-шебер марапатталды, 20 педагогке «Еңбек ардагері» медалі тапсырылды. 700-ден астам педагог «Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасына» және «Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатына» ие болды.
Тағыда оқыңыз
Аягөз аудандық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық округ бойынша кімдер ұсынылды?Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекеттік қызметшінің тұлғалық болмысын жетілдірудегі маңызды қадамАқсуат аудандық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық округ бойынша кімдер ұсынылды?Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек