Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.53 601.01 6.43

ЖЭО-3 құрылысы жөнінде ресейлік компания өкілдерімен кездесу өтті

27-05-2024, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы үкіметаралық келісім шеңберінде Семей қаласында ЖЭО-3 салу туралы Абай облысы әкімдігінің өкілдері мен «Интер РАО-Экспорт» ЖШҚ компаниясы арасында кездесу өтті.

Кездесуде тараптар жобаны іске асырудың алдағы жоспарлары мен іске асыру жолдарын талқылады. Осылайша, негізгі жабдықтың қуаты, орналасуы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы және ЖЭО-3 құрылысының мерзімі алдын ала анықталды. Болашақ жылу электр орталығына отын көзі де орнатылды.

Облыс әкімдігі техникалық параметрлер туралы ұсыныс енгізді. Оған сәйкес жаңа ЖЭО-ның электр және жылу қуаты 360 МВт және 1200 Гкал/сағ құрауы тиіс.

Бүгінгі таңда жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін құрылыс алаңы ретінде 2023 жылғы 14 шілдедегі №7 алқалы хаттамалық шешімімен Семей қаласының сол жағалауындағы Степной кентінің артындағы ауданы шамамен 60 га жер учаскесі бекітілген болатын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив