Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
517.45 598.59 6.58

Абай облысының ардагерлер кеңесінің көшпелі төралқа мәжілісі өтті

27-05-2024, 17:44 Думан Кенжеғазыұлы

Жиын Абай облысының төрағалар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі Мұратқазы Алин бастауымен өтті.

Күн тәртібінде Семей қаласының жалпы білім беретін мектептері мен колледждерінде ардагерлер ұйымдарының қатысуымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру мәселесі қаралды.

Басқосуға Абай облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Н. Аққожина, ардагерлер кеңесінің алқа мүшелері, облыстық және қалалық білім беру саласының басшылары мен мамандары, Семей қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы Е. Оразалин, Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, подполковник Қ. Шәріпханов, аймақтық ардагерлер ұйымдарының белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиналысқа қатысушы сала мен бөлім басшылары күн тәртібіндегі мәселеге қатысты хабарламалар мен баяндамалар оқыды.

Облыстық ардагерлер Кеңесінің Алқа мәжілісінде қаралған мәселе бойынша тиісті қаулылар қабылданып, нақты жоспарлар айқындалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив