Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 2023 жылы 170-тен астам объект бейімделді

28-05-2024, 15:50 Мадина Айдарова

2023 жылы Абай облысында мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында 175 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді.

Қазіргі уақытта елімізде 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының 2023–2027 жылдардағы жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

Жобада қолжетімділіктің интерактивті картасы сайтына енгізілген ел бойынша бейімделуге тиіс 35 мыңнан астам басым объектілер айқындалды. 2021 – 2022 жылдары 8 мыңнан астам нысан бейімделді. 2023 – 2027 жылдар кезеңінде жыл сайын кемінде 5 мың объект (5 жылда 27 мың) бейімделуі тиіс. 2021 – 2022 жылдарды қоса алғанда, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 13 857 объект осы талапқа сәйкестендірілді.

Абай облысында 2023 жылы жергілікті атқарушы органдар 175 нысанда мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін бейімдеу жұмыстарын жүргізді:

-  білім беру – 78 (мектептер, балабақшалар);

- денсаулық сақтау – 16 (аудандық/қалалық ауруханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер, амбулаториялар);

- мемлекеттік мекемелер – 16 (қалалық, аудандық, ауылдық әкімдіктер мен бөлімдер);

- мәдениет объектілері – 20 (мәдениет үйлері, театрлар және т. б.);

- спорт нысандары – 8 (спорт залдары, спорт сарайлары және т. б.);

- әлеуметтік қорғау объектілері – 7;

- қызмет көрсету саласының объектілері – 30 (дүкендер, дәріханалар және т.б.).

«Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда облысымызда 2023 жылы мүгедектігі бар адамдарға бейімделген нысандар саны айтарлықтай өскені көз қуантады. Олардың ішінде білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелері, халыққа қызмет көрсететін ұйымдар бар. Егер бұдан бұрын сыртқа пандустар орнату қажеттілігі туралы ғана айтатынбыз, ал қазір ғимараттардың іші де тиісті ережелерге сәйкес бейімделуде. Іргелес аумақ та ретке келтіріліп, мүгедектігі бар адамдарды тасымалдайтын машиналарға арнайы тұрақтар жасақталуда. Нысандардың иелері қол жетімді ортаны құруға жауапкершілікпен қарай бастады. Шынын айту керек осындай оң өзгерістер көңілге медет береді. Өмір болғасын кез келген кісі жүріп-тұруы төмен топ санатында болуы ықтимал, мысалы, аяғын сындырып, уақытша мобильділігі төмен адам болуы мүмкін», – деді «Тірек-Опора» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Никита Винокуров.

Бұдан басқа мемлекеттік бақылау шеңберінде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, білім беру, мәдениет және т.б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 51 тексеру жүргізді, оның ішінде: 23 – жоспардан тыс тексерулер, 28 – профилактикалық бақылау шеңберінде.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 44 ұйғарым берілді, 3,6 млн теңгеден астам сомаға 12 әкімшілік айыппұл салынды.

Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда ғана айыппұл салынады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив