Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті респонденттерден – жеке, заңды тұлғалардан 37,7 мыңға жуық есеп қабылдаған
Қазақстан Республикасының Президенті «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістерге қол қойды, бұл өзгерістер 8 маусымда күшіне енеді.Түзетулер есептерді уақытылы және дәл тапсыру шараларын күшейтпек.
«ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті » РММ басшысының орынбасары Сертай Базаров өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында бірнеше жыл бойы респонденттердің есеп беру тәртібінің нашарлауы байқалғанын атап өтті. Сонымен қатар, бастапқы статистикалық есептіліктің сапасы төмендегенін де жеткізді.
Маманның айтуынша, есептер елде және қоғамда болып жатқан оқиғалардың нақты статистикалық бейнесін алу үшін өте маңызды. Сондықтан олардың бұрмалануы күтпеген келеңсіз оқиғаларға әкелуі мүмкін.
2024 жылы статистикалық есепті белгіленген мерзімде ұсынбағаны үшін (ҚР ӘҚБК 497-бабының 2-тармағы) айыппұл сомасы Жеке тұлғаларға үшін 36 920 теңге (10 АЕК), шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 51 688 теңгені (14 АЕК), орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 73 840 теңгені (20 АЕК) және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 443 040 теңгені (120 АЕК) құрайды.