Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Олжас Бектенов: Жаңа Салық кодексінде мөлшерлеме көлемі өнімнің күрделілігіне байланысты. Қайта өңдеу неғұрлым жоғары болса, ставка соғұрлым төмен болады

28-05-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Үкімет өңдеу секторын дамыту бойынша барлық негізгі бағыттар мен міндеттерді айқындады. Шикізатты емес жоғары өңделген тауарлар өндіруге басымдық беріледі.

Премьер-Министр Олжас Бектенов сонда ғана табыстың көбісі елімізде қалатынын, сондай-ақ экономиканы әртараптандыру деңгейі артатынын атап өтті. Бұл ретте өндірушілер үшін преференциялар жаңа Салық кодексінің жобасында да қарастырылған.

«Жаңа Салық кодексінің жобасында салық ставкасы шығарылатын тауардың өңдеу деңгейіне байланысты. Яғни кәсіпорын жоғары өңделген тауар шығарса, салық ставкасы төмен болады, ал жай шикізат шығаратын болса салық жоғары болады. Бұл өндірістік дамуды ынталандыратын маңызды қадам», — деді Олжас Бектенов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив