Cемей-18°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Фармацевтика саласына тартылған инвестициялар көлемі еселеп өсіп келеді – Денсаулық сақтау министрлігі

29-05-2024, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөнінде баяндама жасады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігіне 2029 жылға дейін ішкі нарықта отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін 50%-ға дейін жеткізу міндеті қойылған.

Денсаулық сақтау вице-министрінің мәліметінше, 2023 жылдың қорытындысы бойынша фармацевтика нарығының көлемі шамамен 950 млрд теңге ($2,1 млрд) болды, оның – 144,3 млрд теңгесі отандық өндіріске тиесілі. Оның ішінде 7,9 млрд теңге экспортталатын өнім, отандық өндірістің ішкі нарықтағы үлесі – 14,4%-ды құрады.

«2023 жылы «СҚ-Фармация» ЖШС 437 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алды. Оның ішінде отандық өндіріс – 137,5 млрд теңге болды, бұл – 31,5%. Отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың бірі ұзақ мерзімді шарт жасау. Қазір мұндай ұзақ мерзімді шарттардың саны – 35», – деді Жандос Бүркітбаев. 

Ведомство дерегінше, Қазақстанда 193 отандық өндіруші бар. Оның ішінде дәрілік заттар, медициналық бұйымдар, медициналық техниканы өндіру бойынша ең үлкен ТОП-10 өндірушілер қарастырылып отыр.  

Фармацевтика саласын дамытудың маңызды бір саласы – инвестициялық саясат. 2023 жылы фармацевтика саласына тартылған инвестициялар көлемі – $46,9 млн-ды құрап, соңғы 7 жылда 5 есеге өскен (2017 – $9,7 млн, 2023 – $46,9 млн). 

Қазіргі уақытта Қазақстан Үкіметінің Инвестициялық штаб қызметі шеңберінде шетелдік инвесторлармен дәрі-дәрмек өндіруге қатысты 29 жаңа жоба бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Roche», «Pfizer»  сияқты компаниялармен ұзақ мерзімді шарттарға қол қойылды, «AstraZeneca» инвестициялық жобасы пысықталуда. Сондай-ақ Министрлік пен «Philips», «GЕ HealthСare»  компаниялары арасында ниеттестік туралы келісімдер жасалды», – деді денсаулық сақтау вице-министрі.

Сонымен қатар министрлік өңірлердегі медициналық ұйымдардың мемлекеттік сатып алу процессін цифрландыруды көздеп отыр. Бұл 2025 жылы отандық өндірістің үлесін көбейтуге мүмкіндік береді. Ол үшін келесідей шараларды қабылдап, отандық өндірістің жедел дамуына мүмкіндік беру қажет. 

«Қаржы министрлігінің «Электрондық қаржы орталығы» цифрлық форматта дәрі-дәрмекті сатып алу процесстерін цифрландыру жұмысын жылдамдату керек. Медициналық ұйымдардың отандық дәрі-дәрмектерді сатып алу үлесін көбейту үшін өңірлердің даму жоспарында әкімдіктерге сатып алу бойынша индикаторды бекіту қажет», – деді Жандос Бүркітбаев.

Министрлік фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі стратегияны одан ары қалыптастыру үшін және Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардың, бизнестің және ассоциациялардың қатысуымен ведомствоаралық комиссия құрған. Қазіргі сәтте тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив