Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Серік Өтешов ЕАТ-қа мүше елдердің парламентшілерінің ІІІ-ші форумына қатысты

30-05-2024, 12:17 Мадина Айдарова

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Серік Өтешов Еуразиялық топқа мүше мемлекеттер парламенттері өкілдерінің қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі ІІІ-ші форумының жұмысына қатысты.

Сенатор жаңа технологияларды енгізуге байланысты ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл және терроризмді қаржыландыру қатерін заңнамалық реттеу мәселесін басқа елдерден келген әріптестерімен бірге талқылады.

Серік Өтешов өз сөзінде ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру қатері мен қаупін жоюда құқықтық реттеу маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Қазіргі уақытта елдердің қаржы жүйесін айналып өтуде анонимді жүретін криптовалюта қаскүнемдердің сұранысқа ие құралы болып табылады. Сенатор біздің елімізде цифрлық активтердің айналымын және олардың іс жүзіндегі нәтижелерін реттеу үшін енгізілген заңнама жаңалықтары туралы форумға қатысушыларға айтып берді.

«Заңсыз иемденілген және шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңның нормаларын іске асыру үшін Бас прокуратура жанынан Активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылды. Заңды қабылдаумен уәкілетті органдар активтерді қайтару жөніндегі жаңа тетіктер мен құралдарды сынақтан өткізеді, заңды қолдануға жататын адамдармен белсенді бақылау-талдау жұмысы жүргізіледі. Қайтарылған активтерді мемлекеттің экономикалық айналымына тиімді тарту мақсатында, оның ішінде қайтарылған мүлікті сатудан түскен ақша жинақталып, арнаулы мемлекеттік қордан жұмсалатын болады», - деді Серік Өтешов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив