Енді бас мердігер қазынадан төлем алу үшін техникалық қадағалаудың келісімін алмайды
Құрылыс саласында инжинирингтік компанияның төлем сертификатына қол қою талабы алынып тасталды. Енді бас мердігердің төлем сертификатына тапсырыс беруші қол қояды. Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрықтың тиісті жобасын ҚР Қаржы министрлігі бекітті. Қазіргі кезде құжаттың заңды күшіне енуі күтілуде.
Еске салсақ, құрылыс саласында бас мердігер, оның қосалқы мердігерлері мен жеткізушілерінің бюджет қаражатын жұмсауының ашықтығын қамтамасыз ету үшін 2017 жылы мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеу енгізілді. Конкурс өткізіліп, келісімшартқа қол қойылғаннан кейін бас мердігер, оның қосалқы мердігерлері мен жеткізушілері қазынашылық органдарында шот ашады деп болжанған. Жұмыстарды орындау кезінде атқарылған жұмыстардың актілерімен бірге жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік компания жоба бойынша орындалған жұмыстардан қаражат жіберілетін бас мердігердің барлық контрагенті (жеткізушілер, қосалқы мердігерлер) бойынша барлық төлем мен көлемдерді көрсететін төлем сертификатына қол қояды.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бас мердігердің қосалқы мердігерлері мен жеткізушілерін, сондай-ақ оның контрагенттерін қазынашылық сүйемелдеу шарттарына сәйкестігін (салық берешегі, жалған кәсіпорындармен жұмыс істеу тәуекелдерінің болмауы және т.б.) тексереді. Осыдан кейін орындалған жұмыстардың актілері бойынша төлемдер және келісімшарттар бойынша төлемдер жасалады.
Алайда, құрылыс бизнесі мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеуді қолдану барысында бірқатар проблемаға тап болды. Мысалы, мердігердің қазынашылық сүйемелдеу кезінде сметалық пайда алуы объектіні пайдалануға бергеннен кейін ғана мүмкін болады, материалдарды сатып алуға төлем үшін 30% мөлшерінде көзделген аванстың жеткіліксіздігі, мерзімдердің сақталмауы, тәртіптің болмауы, сондай-ақ төлем сертификатына техникалық қадағалауға қол қоюға арналған құжаттар тізімі, төлем мерзімдерінің ұлғаюы және атғы басқа мәселелер болды.
«Атамекен» ҰКП Құрылыс және жер қатынастары департаментінің басқарушы директоры Назира Үсенованың айтуынша, Ұлттық палата құрылыста Мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеуді алып тастау мәселесін бірнеше рет көтерген.
«Қазіргі кезде мемлекеттік бюджеттен төлемдер жүргізу кезінде мемлекеттік органдарға қолжетімді электрондық шот-фактуралар пайдаланылады. Тиісінше, қазынашылық сүйемелдеу кезінде төлемдерді қадағалау функцияларын қайталау қажеттілігі жоқ. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазынашылық сүйемелдеуді жою позициясы ұстанады, бұл мердігерлердің жағдайын едәуір жақсартады және мемлекеттік органдар тарапынан орындалған жұмыстар үшін төлем жүргізуді жеделдетеді», – деп атап өтті Үсенова.
«Атамекен» ҰКП Төралқасының құрылыс және ТКШ комитеті төрағасының м.а. Ирина Манжанова да осындай пікірде. Маманның айтуынша, мұндай қаражаттан мүлдем бас тартуға жеткілікті себептер бар.
«Қазынашылық сүйемелдеудің бастапқы функционалы құрылыс нарығының өсуін ынталандыру және бюджет қаражатының эргономикалық шығындарын көздейтінін ескерсек, жүйе өз функцияларын мүлдем орындамағанын және мәселелердің қайнар көзіне айналғанын мойындау керек», – деп түсіндірді спикер.