Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
543.24 619.89 6.78

Жаңа целлюлоза-қағаз комбинатын салу туралы негізгі аспектілер талқыланды

31-05-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

«Xiamen C&D Corp., Ltd» компаниясының, «Hesheng» компаниясының мәскеулік кеңсесінің өкілдерімен және «CICC» компаниясының Қазақстандағы филиалының басшысымен кездесу өтті. Кездесуде жаңа целлюлоза-қағаз комбинатын салу мен пайдаланудың негізгі аспектілері талқыланды.

Жаңа зауыт картон, қағаз, ағаш бұйымдары мен үй құрылысына қажетті өнімдерді өндіруге бағытталмақ. Сонымен қатар, целлюлоза, ағартылған химиялық-термомеханикалық масса (ХТММ), макулатура мен ағаш биомассасын қайта өңдеу міндеті кіреді.

Бөрене тұтынудың жоспарланған көлемі жылына 450 мың текше метрді құрайды. Целлюлоза өндірісі жылына 400 мың тоннаға дейін жетеді деп күтілуде. Жобаны іске асыру 600 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл өңірдің экономикалық әлеуетін едәуір нығайтып, оның дамуына елеулі үлес қоспақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив