Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Жас ғалымдарға мемлекеттік қолдауы айрықша

1-06-2024, 09:45 SHAKARIM UNIVERSITY

Алматы қаласындағы Ұлттық ғылым академиясы ғимаратында еліміздің жас ғалымдарымен бірге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу құрметіне ие болдым.  ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары мен жас ғалымдарының басын қосқан келелі кездесуде Мемлекет басшысы «Бүгін сіздермен Ғылым ордасында жиналып отырмыз. Қуаныштымын. Бұл – қазақ ғылымының қара шаңырағы» деп академияның тарихи негізіне баса мән берді. Ақиқатында, бұл биылғы жылы 125 жылдығы кең көлемде тойланып жатқан ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаев негізін қалаған киелі шаңырақ. Осындай басқосудың ғылым ордасында өтуінің символикалық мәні зор.

Қош, сонымен Мемлекет басшысының сөзінде ғалым мен ғылымға қатысты аталған негізгі мәселелерге тоқталсақ.

Мемлекет басшысы баяндамасында елімізде орын алған төтенше жағдайларға баса назар аударды. Атап айтар болсақ, сейсмология және гидрология мәселесін күшейту керектігін тілге тиек етті. Әрине, ол үшін сапалы ғылыми кадрларды дайындау керектігі түсіндіруді қажет етпейді. Одан кейін толық цифландыру мәселесін көтерді. Яғни, екінші Сингапурға, сонымен қатар Орта Азиядағы IT  хабқа айналуымыз керектігіне тоқталды.

Алдағы екі жылда жас ғалымдардың  зерттеуіне бөлінетін грант саны көбеймесе, азаймасы анық. Бюджеттен бұған 18 миллиард теңге бөлінетіні де айтылды. Бұл әрине, ғылымға келетін жас мамандардың көбеюіне ықпал етері сөзсіз. «Былтыр 284 жас ғалым баспана алды. Биыл менің тапсырмаммен оларға тағы 200 пәтер берілетін болды. Осындай нақты шаралар арқылы еліміздегі ғылымды және жалпы ғалымдар қауымын қолдау жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады». Бұл Президент сөзіндегі ғылым қызметкерлері үшін аса маңызды мәселе.

Ғылымы озық елдің ғана келешегі кемел. Бүгінгі келелі жиында Мемлекет басшысы да өз сөзінде соны меңзеді. Қазіргі таңда ғылымда, әсіресе, жас ғалымдарға жасалып жатқан және алдағы уақытта да жасалатын игіліктер ең алдымен мемлекеттің болашағының баянды болуына негіз.

Еркін Ерланұлы

Shakarim University жас ғалымы

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив