Абай облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы жаңа маусымының ашылу салтанатты өтті
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын іс-шараға «Жасыл ел» қозғалысының сарбаздары мен Абай облысы әкімдігінің өкілдері қатысты.
Ашылу салтанатында Абай облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев атап өткендей, «Жасыл ел» жобасы өзінің азаматтық ұстанымы бар белсенді жастарға бағытталған.
- Бүгін мұнда ең белсенді жастар, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қатысушылары жиналды. Кезекті жиырмасыншы маусым өз жалауын желбіреткелі тұр. Біздің облыс жастары бұл жұмысқа белсене атсалыспақ. Бағдарлама өзінің тиімділігі мен өзектілігін көрсетті. Жастар өздерінің жауапкершіліктерінің арқасында болашақта жақсы нәтиже көрсетеді деп ойлаймын. Бар күш-жігерлеріңізді салып, ортақ іске өз үлестеріңізді қосасыздар деп ойлаймын. Қазір облысымызда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда, оған жастар да белсене қатысып жүргенін атап өткен жөн - деп атап өтті Айдар Садырбаев.
Қозғалыс қатысушысы Даяна Мұхамедханова, «Жасыл ел» қатарында бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын, бұл тек қоршаған орта үшін ғана емес, барлық қатысушылар үшін де пайдалы екенін атап өтті.
- Мен алғаш рет «Жасыл елге» 16 жасымда келдім. Қазір мен 20 жастамын және биыл тағыда қатысуға ниеттімін. «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарында жұмыс істеу - бұл жастарға алғашқы тәжірибе алуға, көшбасшылық дағдылар мен командада жұмыс істеп, шыңдалуға мүмкіндік беретін орта. Сонымен қатар, жаңа достар таба аласың. Және де балалардың өзін-өзі бағалауы артады, өйткені еңбекпен тапқан ақшасын дұрыс жұмсауға үйренеді, - деді Даяна Мұхамедханова.
Сондай-ақ, басқарма басшысы «Жасыл ел» қатысушыларын барлық қажетті заттармен қамтамасыз ету ғана емес, жұмыс кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды екенін атап өтті.
- Сіздердің атқаратын жұмыстарыңыз ортақ іске қосқан үлкен үлес болмақ. Біз еңбектеріңіз үшін, туған өлкемізді таза әрі әдемі етуге қосуға талпынған үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз, - деп қорытындылады Айдар Садырбаев.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі