Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
471.46 504.79 5.53

Облыстың үздік робот құрастырушылары анықталды

1-06-2024, 11:43 018.kz

Семей қаласында World Robot Olympiad 2024 – Дүниежүзілік роботтар олимпиадасының аймақтық кезеңі өтті. Шаһарымыздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында 27-ге жуық команда бас қосып, бәсекелесті. 

Бүгінгі зейінділер байқауы «RoboMission», «RoboSports»,  «Future Innovators» және «Future Engineers» санаттары бойынша 8-19 жас аралығындағы кіл мықтыларды анықтады.

Қатысушылар арасында алғаш рет бағың сынап, жеңімпаз атанып жатқан оқушылар да бар. 

№ 37 мектеп-гимназия шәкірттерінің айтуынша, қобалжу болғанымен, сайыс шеберліктерін шыңдай түсуге мүмкіндік алаңы бола білген. 

- Алғаш рет роботтар олимпиадасына қатысқандықтан сәл толқулар болды. Бірақ қаншама дайындықтың нәтижесі көрсетілетіндіктен,  бар күш жігерімізді салдық, Болашақта еліміздегі робототехника саласын дамытқымыз келеді, - дейді №37 мектеп-гимназиясының оқушысы Аяулым Нұрхамитова.

Жарыс қорытындысы бойынша, «RoboMission» санатындағы  3 жас ерекшелігі бойынша MotorBig командасы (А.Сәбит, Е.Азат ABU “Ro-Alemi”), KiberStalk37robo тобы (А. Нурхамитова, Б.Кәрімов №37 мектеп-гимназия ), SGMZ мүшелері (Ж.Мұратқалиев, И.Мұхамедьяр Семей қаласы ФМБ НЗМ) жүлделі I орын иеленді.

«RoboSports» категориясында Семей қаласы ФМБ НЗМ оқушылары Ильяс Махатов пен Амир Берекенов үздік нәтиже көрсетсе, «Future Engineers» бағыты бойынша Досжан Кентбекұлы мен Асанәлі Асқаров жеңімпаз атанды. 

Соңғы «Future Innovators» категориясы да 3 жас ерекшелігі бойынша өтіп, 8-12 жас аралығында Innovator командасы (Я. Никульин, К. Нұрлыбек ABU «Ro-Alemi») оза шапса, 14-19 жас аралығындағы Technovation тобы (Д. Сейтқан, А. Мерекеева Семей қаласы ФМБ НЗМ) жеңіс тұғырынан көрінді. 

Аймақтық бәсекеде үздік нәтиже көрсеткен командалар республикалық олимпиадада облыс намысын қорғайтын болады. 

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив