Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
471.46 504.79 5.53

Семейде еріктілер форумы өтті

1-06-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі және Семей жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қалалық еріктілер форумы өтті. 

Облысымыздағы волонтерлік бастамаларды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған басқосуда спикерлеріміз 6 бағыт бойынша жастарға тың ақпарат таратты. Семей қаласындағы ФМБ НЗМ директоры Наркен Буркенов форум қатысушыларына сәттілік тілеп, жиынның еріктілердің тұлғалық дамуларына ой салатын тұстары көп екенін атап өтті.      

- Мектебімізде сын сағаттан халықтың сүрінбей өтуіне себепші волонтер жастарымыздың жиналғанына қуаныштымыз. Ерікті болу – ерлік. Сіздер волонтерлік жолда тек қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып қоймай, өмірлік тәжірибе жинап жатырсыздар. Игілігі мол іспен айналысып жатқандарыңызға алғыс білдіремін. Бүгінгі іс-шара сіздер үшін табысты әрі пайдалы болады деп сенемін, - деді мектеп директоры Наркен Буркенов. 

Жиынға шаһарымыздағы 19 колледжден 120-дан астам адам қатысты. Волонтерлер көшбасшылық, бизнес, цифрлық дағды, алғашқы медициналық көмек, стресске төзімділік, гендерлік пен инклюзия тақырыптары бойынша білім алды. Сондай-ақ,  форум барысында жастарымыз «Интелектуалды жастар қауымдастығы» өткізген қазақша квиз ойыны бойынша бақ сынасты. Іс-шара соңында белсене қатысқан қатысушыларға сертификат табысталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив