LIMS кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады
Ағымдағы жылдың 30 мамыры күні ALGARYTM INTEGRATION компаниясы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ және SIEMENS Digital Industries Software бірлесіп зертхананы басқаруды және өнім сапасын бақылауды автоматтандыру бойынша вебинар өткізді (LIMS - Laboratory Information Management System).
Іс-шараға өздерінің зертханалық процестерін оңтайландыруды және өнім сапасын жақсартуды көздеп жүрген 60-тан астам өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Бұл кәсіпорындар тарапынан цифрландыру және автоматтандыру тақырыбына жоғары қызығушылықты білдіреді.
Вебинар барысында өнеркәсіптік кәсіпорындарда зертханалық басқарудың заманауи технологиялық шешімдері қарастырылып, LIMS жүйесін енгізудің сәтті кейстері талданды. Сарапшылар өнімдердің цифрлық егіздерін әзірлеу сапасын арттыру, зертханалық үлгілер мен эксперименттерді бақылау процестерін автоматтандыру, қолмен өңдеу процестерін оңтайландыру арқылы жаңа өнімді нарыққа шығару уақытын қысқарту, шағымдардың санын азайту және тестілеуді автоматтандыру, сондай-ақ зерттеуге, құжаттаманы дайындауға және үлгі спецификацияларды тіркеуге кететін шығындарды оңтайландыру сияқты экономикалық әсерлері туралы айтты.
Спикерлер ретінде цифрлық трансформация саласындағы сарапшы Лаура Саламат, техникалық сәулетші Андрей Каленов және SIEMENS Digital Industries Software компаниясының технологиялық салалардағы өңірлік даму директоры Сергей Суханов қатысты.
Лаура Саламат кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін цифрлық трансформацияның маңыздылығын атап өтті және LIMS жүйесін енгізудің негізгі артықшылықтары туралы толығырақ айтып берді. Андрей Каленов жүйенің техникалық аспектілерімен таныстырып, оның мүмкіндіктерін нақты мысалдармен көрсетті. Сергей Суханов өнеркәсіптік кәсіпорындардағы LIMS табысты енгізу тәжірибесімен және цифрлық трансформацияның стратегиялық аспектілерімен бөлісті.
Вебинарға қатысушылар құнды ақпарат пен LIMS-ті өз процестеріне енгізу бойынша практикалық ұсыныстар алды.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.