Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

2-06-2024, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер президенттерінің сыртқы істер жөніндегі көмекшілерінің/кеңесшілерінің бейресми 2-ші кездесуі өтті.

Басқосуда қазақ делегациясының басшысы Ержан Қазыхан Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымындағы төрағалығы барысы туралы баяндап, елімізде жоспарланған бірқатар іс-шараларға, атап айтқанда адам ресурстары, әділет және көлік министрлерінің, сондай-ақ жоғарғы соттардың кездесулеріне тоқталды.

2024 жылғы қыркүйекте Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақыруды қайта растап, тараптардың белсенді қатысатынына үміт артты.

Бұдан бөлек, жасыл экономика, көлік-логистикалық әлеуетті дамыту, сонымен бірге Ұйым Хатшылығын институциализациялау және оның халықаралық сахнадағы беделін арттыру бойынша пікір алмасылды.

Жиын қатысушылары ТМҰ қызметін күшейту мақсатында тұрақты байланыстарды жалғастыру, сондай-ақ биыл Шуша және Бішкекте жоспарланған саммиттердің сапалы пысықтау маңыздылығын атап өтті.

Е.Қазыхан Ұйымның төрағасы К.Омуралиев және Әзербайжан Президентінің сыртқы саясат мәселелері жөніндегі көмекшісі Х.Гаджиевпен кездесіп, екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, көлік-логистиалық бағыттарды дамыту және өзара сауда-экономикалық әрекеттесу жолдарын талқылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив