Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

QazTrade қазақстандық және еуропалық компанияларға азық-түлік саласындағы сауданы арттыруға көмектеседі

2-06-2024, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

27-31 мамырда Еуропалық Ауыл шаруашылығы комиссары Януш Войчеховский бастаған ЕО-ның Қазақстандағы миссиясы Алматы және Астана қалаларында өтті.

Бизнес-миссияға ЕО-ның 16 мүше елінен 40-тан астам агроөнеркәсіптік саласындағы компаниялары қатысты.

Бизнес-миссияның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың іскерлік өкілдері арасында тығыз байланыстар орнату және нақты ынтымақтастық бағыттарын анықтау.

«QazTrade» АҚ қолдауымен 2024 жылдың 28 мамырында Алматы қаласында 40-тан астам қазақстандық компаниялар шақырылды - бұл сауда желілерінің өкілдері, дистрибьюторлық компаниялар, HORECA желісі, өндірушілер және т.б.

Еуропалық Одақтың ауыл шаруашылығы комиссары Януш Войчеховский Қазақстан Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы негізгі серіктесі болып табылатынын атап өтті. Қазақстан нарығы үлкен болмаса да, ол аймақтың негізгі және орталық нарығы ретінде үлкен перспективаға ие.

2024 жылдың 30 мамырында Астана қаласында ұлттық сауда желілерінің өкілдерімен, ірі мейрамхана желілерінің топ-менеджментімен В2В кездесулер ұйымдастырылды. Тараптар азық-түлік өнімдерін, сусындарды және кондитерлік өнімдерді сатып алу бойынша тиімді келіссөздер жүргізді.

ЕО-ның агроөнеркәсіптік миссиясы жыл сайын әртүрлі елдерде, негізінен сауда саласы бойынша ірі серіктес елдерде өткізіледі. 2023 жылдың 2-6 шілдесінде Жапонияға, 2023 жылдың 6-12 желтоқсанында Үндістанға, 2024 жылдың 21-26 сәуірінде Қытайға, 2024 жылдың 27-31 мамырында Қазақстанға сапарлар болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив