Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.46 555.38 6.18

Кентау Назарбек — СМУ құрметті профессоры

2-06-2024, 14:37 Сәтжан Қасымжанұлы

Семей қаласында Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, белгілі әнші -композитор, «Бір бәйтерек, бір шынар», «Семейім», «Семейге кеткім келеді» секілді өзге де тәрбиелік-патриоттық әндердің авторы Кентау Назарбектің «Қазағым, жаса мәңгілік» атты шығармашылық кеші өтті. 

Кеш барысында Семей Медицина университетінің ректорат ұйғарымымен Кентау Назарбекке «Семей медицина университетінің құрметті профессоры» атағы табыс етілді.

Сонымен қатар талант иесінің шығармалары орындалып, көпшілік көкейіне қуаныш пен тебіреніс ұялатты. Композитор әндерінің насихаттаушысы ретінде Астанадан арнайы келген Мәриям Алғалиқызы Семей жұртшылығына және жергілікті басшылық назарына К. Назарбектің «Бір бәйтерек, бір шынар» әніне тәрбиелік мәні зор ескерткіш орнату туралы ұсынысын жеткізді. Мұны көпшілік қол соға құптады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив