Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы құрылыстарды онлайн бақылау жүйесі іске қосылды

3-06-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Құрылыстың ашықтығы мен тиімділігін арттыру аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Sergek Group» компаниясымен және алты облыстың әкімдіктерімен серіктестікте тұрғын үй құрылысын онлайн бақылаудың бірегей жүйесін іске қосты.

Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарындағы құрылыс нысандарында 50 бейнекамера орнатылып, оның 30-ы іске қосылды. Бұл шара құрылыс жұмыстарының барысын тәулік бойы бақылауды мүмкін етіп, сондай-ақ азаматтарға gov.kz порталы арқылы онлайн-хабарламаларға тікелей қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын бақылау және үйлестіру үшін Ахуалдық орталық құрды. Бүгінгі таңда Ахуалдық орталық шығынды өтеу бойынша барлық талаптармен жұмыс істеп, әр ауылда, аудан орталығында, қалада құрылыс барысын қатаң қадағалауда. Министрлік қызметкерлері өңірлерге барып, құрылыс нысандарын аралап, мәселені орнында шешуге және жұмыстардың жай-күйін тексеруде. Онлайн бейнебақылау құрылыс пен жөндеу жұмыстарының барысын жылдам бақылауға және берілген мерзімнен кешігіп қалсаңыз, жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді. Біз үшін ашық жұмыс форматы маңызды, біз өз азаматтарымызды тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар еткіміз келеді», – деді Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова.

Бұл бастама құрылыс жұмыстарын жүргізудегі ашықтықты арттыруды қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар ықтимал проблемаларға жедел әрекет етуді жеңілдетеді. Бұл табиғи апаттардың салдарын тез арада жою және зардап шеккен азаматтарды сапалы баспанамен қамтамасыз ету үшін аса маңызды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив